КӨКСУ АУДАНЫНДА МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТАПШЫ

Уақыты: 26.01.2023
Оқылды: 1614
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Көксу ауданында медицина мамандары тапшы. Бұл туралы аудандық орталық аурухана директоры Жаннұр Сырымов хабарлады.

Аудандағы 29 медициналық мекемеде  74 дәрігер, 320 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Алайда әлі де 10-ға жуық маман қажет. Өткен жылы өңірге 18 білікті дәрігер келген. Дегенмен, бұдан кадр тапшылығы толықтай шешілмеген.
Көксу бекетінің Жетіжал, Злиха Тамшыбай, Алғабас, Мұқыры ауылдарына дәрігер мен акушер мамандар жетіспейді. Соның салдарынан қазіргі уақытта зейнет жасындағы дәрігерлер медициналық көмек көрсетуде.
Аудандық бас дәрігердің айтуынша, маман тапшылығын шешу мақсатында Алматы, Семей қалаларында өтетін медициналық оқу орындарының жәрмеңкелеріне қатысып, «Еңбек» порталы арқылы да дәрігерлер іздестірілуде.

Айгүл АЙМАНБЕКОВА,
Көксу ауданы