ЖЕТІСУДА «ДОНОР БОЛ – ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Уақыты: 15.03.2023
Оқылды: 1546
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

15 наурыз Дүниежүзінде тұтынушылар құқықтарын қорғау күні болып белгіленген. Осыған орай, Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мамандары облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестік өкілдерімен бірлесе өңірлік қан орталығында «Донор бол өмір сыйла» тақырыппен қан өткізу шарасын ұйымдастырды.

Департамент басшысы Еділ Зайтбеков өз сөзінде «Аталған шара Дүниежүзілік тұтынушылар құқықтарын қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр және бұл күнге орай бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлағанбыз. Оның ішінде қан өткізу шарасы, белсенділерді марапаттау және әлеуметтік желіден тікелей эфир. Бұл шаралардың барлығы 15 наурыз күні өтеді» - деп, атап өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік тұтынушылар құқықтарын қорғау күні АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедидің 1961 жылы 15 наурызда Конгресте тұтынушылардың құқы жайында сөйлеген сөзімен байланысты.

Сол кезде АҚШ президенті тұтынушыларға адамдардың барлығының жататындығын айтып, тұтынушыларда ақпарат алу, қауіпсіздік, таңдау және хабардар болу құқықтарының болатындығын атап өткен еді.
 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ