Қызылшаға қарсы қосымша егу жүргізілуде

Уақыты: 29.11.2023
Оқылды: 902
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Облыста қызылша жұқпасының таралуына қарсы әртүрлі шара қолданылуда. Әсіресе, мектепке дейінгі мекемелерде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.  Облыста қызылшаға қарсы жаппай қосымша иммундау жүзеге асырылмақшы.

Осы орайда денсаулық сақтау басқармасы денсаулық сақтау мекемелеріне  20 000 дана вакцинаны жеткізіп, үлестіруде.  Жеткізілген вакцина   аудандар мен қалалардың емдеу мекемелеріне таратылып, иммундау жұмыстары басталып кетті.

Бүгінгі күнге 100 бала егілген. Қызылшаға қарсы иммундау міндетті түрде дәрігердің тексеруі қорытындысы бойынша жүргізіледі. Егу  денсаулық жағдайы қадағаланып, екпеге рұқсат берілгеннен кейін арнайы  кабинетте жүргізіледі.

Қосымша иммундауға 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі және 2 жас – 4 жас, 11 ай 29 күн аралығындағы балалар қатыстырылады. Сондай-ақ,  55 жасқа дейінгі бұрын егілмеген медицина қызметкерлері жатады.  Қызылша жұқпасы өршіп тұрғандықтан  18 жасқа дейінгі бұрын екпе жасалмаған ел тұрғындарына егіледі.

Г. Мұқашқызы

Фото: orda.kz-тен көрнекілікке алынды