Жетісу облысында қызылшамен ауырғандар азайды

Уақыты: 25.01.2024
Оқылды: 881
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен жылдың соңында аймақта қызылша ауруының күрт өсуі байқалды. Егер қараша айында 144 жағдай тіркелсе, желтоқсанда олардың саны 218-ге дейін жетті.

Қаңтар айында сырқаттанушылық төмендеп, 100 адам болды. Бүгінде алғашқы нақтамамен 951 жағдай тіркеліп, оның 676-сы расталды. 

«Расталған  жағдайлардың  80%-ы бұрын  қызылшаға  қарсы вакцинация алмаған. Бұл статистика инфекцияның таралуын бақылауда екпенің маңыздылығын көрсетеді. Ауру облыстың барлық аумағында, Талдықорған қаласы мен Алакөл, Панфилов аудандарында жоғары деңгейде тіркелді»,-деп атап өтті Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Гүлнар Жүсіпбекованың айтуынша, қазіргі уақытта қызылшамен сырқаттанушылық айтарлықтай төмендеген. Алайда ата-аналары вак-цинациядан үзілді-кесілді бас тартқан екпе алмаған балалар арасында дерт тіркелуде. Вакцинацияланбаған науқастардың бірін дәрігерлер реанимация бөліміне жіберуге мәжбүр болды, онда кейбір органдардың өмірлік функциялары  жасанды  түрде сақталды. Уақтылы шаралардың арқасында қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсарғанын айтады.

Осындай  мысалдарды  келтіре  отырып, дәрігерлер ата-аналарды алдын алу шараларын жасауға және вакцинацияны уақтылы алуға шақырды.

"Жетісу-Ақпарат"