Қазақстанда бес дәріні пайдалануға тыйым салынды

Уақыты: 29.01.2024
Оқылды: 780
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда үкімет қаулысымен бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізбесіне өзгерістер енгізілді

Құжатқа сәйкес, медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған есірткі заттары бөліміне пара-фторфентанил (пара-фторфентанил), брофин және метонитазин қосылды.

Фентанил – синтетикалық, күшті анальгетик. Ол көбіне анестезиологияда, фельдшерлік және апаттар медицинасында қолданылады. Препарат физикалық тәуелділікке алып келеді. 

Брофин халық арасында "күлгін героин" деген атпен белгілі. Бұл пиперидин негізіндегі опиоидты анальгетик. Теріс мақсатта пайдаланса, ол да тәуелділік тудырады.

Метонитазен – күшті синтетикалық опиоид. Ол героин мен фентанилге ұқсас әсер етеді.

Аталған дәрілермен қоса бірнеше психотроптық заттарға тыйым салынды: 3-метоксифенциклидин және эутилон.

Фенциклидин – көктамырішілік анестезияға арналған синтетикалық фармакологиялық препарат. Ол 1950 жылдан бері медициналық мақсатта қолданылып келеді. Бірақ шамадан тыс уыттылыққа байланысты оны клиникалық тәжірибеде қолдану көп ұзамай тоқтатылды. Көптеген елдерде ол есірткі заты - синтетикалық галлюциноген ретінде танылады.

Эутилон синтетикалық психостимулятор. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) оны ЕАЭО елдеріне әкелу және пайдалану үшін бақыланатын заттар тізіміне енгізді.

Клоназолам, диклазепам және флубромазолам медициналық мақсатта қолданылатын және бақылаудағы психотроптық заттардың тізіміне қосылды.

Сондай-ақ бақылаудағы прекурсорлар тізіміне (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өндіруде жиі қолданылатын химиялық және өсімдік заттары) 4-метилпропиофенон кіреді.

Қаулы 2024 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.

Фото: alanda-hirurgia.kz