МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

Уақыты: 22.02.2024
Оқылды: 496
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қала әкімдігінің мәжіліс залында халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту мәселелері бойынша қалалық штабтың кеңейтілген кеңесі өтті.


Күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды. Атап айтқанда, МӘМС бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және қала тұрғындарының қызылша ауруына қарсы екпе алуымен қатар қазіргі ахуал жайында баяндалды.

Жиынға төрағалық еткен қала әкімі аппаратының басшысы Жеңіс Андабеков екпе, МӘМС-ға қатысты нақты тапсырма беріп, қағаз жүзінде ғана емес іс жүзінде нәтиже шығару керектігін баса айтты.

Бүгінде елімізде ауа тамшылары арқылы жұғатын қызылша дертіне шалдыққандардың қатары артып отыр. Соған қарамастан екпеден бастартып отырғандар бар. Осыған орай, дәрігерлер дабыл қағып, екпе алу керектігін ескертіп отыр.

Айта кетейік, қызылша көбіне мектеп жасындағы балалар мен жаңа туылған сәбилерде байқалуда.