ӨЗБЕКСТАНҒА БІР АЙДА МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕМДЕЛУ ҮШІН БАРҒАН

Уақыты: 27.02.2024
Оқылды: 1782
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен айда ем алу мақсатында Өзбекстанға 7 мыңнан астам шетелдік келген, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісіне сілтеме жасап. 


Өзбекстанның Статистика агенттігінен мәлім еткендей, медициналық қызметтер алу үшін аталған мемлекетке ең көп келгендер – Тәжікстан азаматтары (4,8 мың адам).

Одан кейін қазақстандықтардың үлесі басым. Биыл қаңтарда дертіне дауа іздеген 1 080 Қазақстан азаматы Өзбекстанға барған.

Келесі орындарда Қырғызстан (959 адам), Ресей (120 адам) және Түрікменстан (66 адам) тұр.

Айта кетейік, былтыр Өзбекстанға жалпы саны 6,6 млн шетелдік келсе, соның 61 мыңнан астамы осында емделуді жоспарлағандар.

Одан бөлек, 2023 жылы 1,2 млн қазақстандық Өзбекстанға туысқандарымен көрісу үшін барған.

Фото: kun.uz