Жетісу қыздары адам папилломавирусына қарсы егіле бастайды

Уақыты: 11.03.2024
Оқылды: 1894
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Жатыр мойны обырының дамуына адамның папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырудың және оның дамуын болдырмаудың жалғыз жолы  - вакцинация. Сондықтан биыл қыркүйек айынан бастап адам папилломавирусына қарсы екпе басталады.

Бұл  туралы облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова және Талдықорған қаласының  облыстық  көпсалалы  клиникасының директоры Мадияр Өмірбаев баспасөз-конференциясында айтып берді.

Спикердің  айтуынша, онкогенді адам папилломавирустарының бар-лығы 14 түрі бар. Бұл дегеніміз олар онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі. Ал  АПВ  бар  әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы АПВ жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары. Вакцина 2024 жылдың 3-тоқсанынан бастап 11  жастан 14 жасқа дейінгі қыздарға вакцинация жүргізу жоспарлануда. 

«Жетісу  облысына вакциналардың бірінші партиясы қыркүйек айында келеді. Содан  кейін  аймаққа  6000 доза салу жоспарлануда. Сәйкесінше, алғашқы вакцинация процедуралары қыркүйек айында басталады. Қараша айында 6134 дозаның екінші партиясын алу жоспарлануда. Айта кету керек, әлемде бұл вакцинацияға сұраныс өте жоғары. Бүгінде ол әлемнің 125 елінде екпе күнтізбесіне енгізілген», - дейді Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова. 


Өздеріңіз білетіндей, қыздарды вакцинациялау ата-аналардың балаларды  вакцинациялауға  келісімін  алғаннан  кейін 11 жастан басталады. Бұл  жас  ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалады, өйткені 11-14 жас аралығындағы вакцинация ересек жасқа қарағанда тиімді. Вакцинациядан кейін жатыр мойны обырына тұрақты иммунитет қалыптасады.

  «Жетісу  облысында  жатыр  мойны обыры бойынша диспансерлік есепте барлығы 553 әйел тұр. Жыл сайын әйелдер арасында ауруды ерте сатысында анықтау үшін скрининг жүргізіледі. Мәселен, соңғы скринингтің нәтижелері бойынша  26903 әйел профилактикалық тексеруден өтті. Нәтижесінде жатыр мойны обырының 26 жағдайы анықталды», - деп бөлісті Талдықорған қаласының Облыстық көпсалалы клиникасының директоры Мадияр Өмірбаев.

"7-su.kz" ұсынады