КОРОНАВИРУС: ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ БІР ЖАСАР СӘБИДІ ЕМДЕП ШЫҒАРДЫ

Уақыты: 16.05.2020
Оқылды: 774
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

"Алматы облысында 5 адам коронавирустан жазылып шықты. Олардың алды 48 жаста болса, ең кішісі - 1 жасар сəби", - деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Бес тұрғын 26 сəуірден бері Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасында ем алған. Қазір өздерін жақсы сезінеді, шағымдары жоқ. Жазылып шыққандар Еңбекшіқазақ және Іле ауданының тұрғындары. Сонымен, 16 мамыр, сағат 7:00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетінен жазылып шыққандар саны Алматы облысында 111-ге жетті.

Мұның алдында Алматы облысында коронавирустан айыққандар қатарына тағы 9 адам қосылған еді. Олар – Еңбекшіқазақ ауданы мен Қапшағай қаласының тұрғындары. Ведомствоның мәліметінше, 1963, 1964, 1966, 1980, 1988, 1988, 1992, 1993, 2019 жылы туған 9 азамат 25 сәуірден бері Шелек және Есік ауруханаларында тиісті ем қабылдаған. Бүгінде олардың жағдайы жақсы, денсаулықтарына шағымдары жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"