ТАЛДЫҚОРҒАНДА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ АЛТЫ АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 16.05.2020
Оқылды: 1012
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирустың тағы 10 жағдайы анықталды, олардың 6-уы – Талдықорған қаласында, 2-еуі – Кеген, 2-еуі Талғар аудандарында.

Барлық 10 пациенттің 8-і - бұған дейін індет жұқтырғандармен байланыста болғандар. Ал 2-еуінің сырқаты медициналық көмекке жүгіну барысында анықталды. Қан талдауының нәтижесі бойынша пациенттердің COVID-19 жұқтырғаны расталды.

Алматы облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, сырқаттары анықталғанға дейін-ақ науқастар оқшауландырылған. Пациенттер қазір жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған.

Науқастармен байланыста болғандар анықталу үстінде, олар да оқшауландырылып, КВИ-ге (коронавирусқа) зертханалық тексеруден өткізіледі. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда.

16 мамыр, сағат 10:30-дағы жағдай бойынша, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 201-ге жетті.

Естеріңізге салсақ, Талдықорғанда алғашқы коронавирус жұқтыру дерегі 14 мамырда ғана тіркелген еді. Аталған алты науқас мамырдың 15-і түнде анықталып отыр. Яғни, бір тәуліктің ішінде бірнеше адамның қан сараптамасынан вирус табылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"