АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ЖАСҚА ЕНДІ ТОЛҒАН СӘБИЛЕР КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҚТЫ

Уақыты: 17.05.2020
Оқылды: 1020
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 15 адам коронавирустан жазылып шықты. Олар Қарасай, Іле, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласының тұрғындары. Олардың арасында бір жасар 2 сәби бар.

1958, 1959, 1961, 1962, 1963, 1964, 1968, 1977, 1982, 1983, 1988, 1991, 1997 жылғы азаматтар мен 2019 жылы туған 2 бала Шелек аудандық ауруханасы мен Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында 30 сәуірден бастап тиісті ем қабылдаған. Қазір барлығының жағдайы жақсы, денсаулықтарына шағымдары жоқ.

Сөйтіп, 17 мамыр, сағат 10-00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус індетінен айыққандар саны 126-ға жетті.

Өкінішке қарай, Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 5 жағдайы тіркелді, атап айтқанда, 3-еуі – Кеген, 2-еуі – Талғар аудандарынан. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 1960, 1965, 1971, 1977, 2008 жылы туған 5 пациенттің 4-еуі бұрын ауырғандармен байланыста болған, 1-еуі профилактикалық тексерілу барысында белгілі болған.

ПЦР-талдауы кезінде пациенттерден COVID-19 диагнозы расталды. Науқастар сырқаттары расталғанға дейін оқшауландырылған. Қазіргі кезде Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылды.

Олармен 4 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталып, КВИ-ге зертханалық тексеру үшін оқшауландырылды. Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасады. 17 мамыр, сағат 10;00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 206 болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды