ҚАПШАҒАЙДА ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНЕН ШЫҚҚАНДАР СПОРТТЫҚ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

Уақыты: 14.05.2021
Оқылды: 2330

Түзеу мекемелерінен босатылғандар мен есепте тұрған тұлғаларды әлеуметтік оңалту мақсатында Алматы облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне (ҚАЖД) қарасты Қапшағай қалалық пробация қызметі ағымдағы жылдың 14 мамыры күні есепте тұрғандар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Шақырылған қонақтар ҚАЖД пробация қызметіне жетекшілік жасау бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Р.Ержігітов пен «Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Әбілқасым ойыншыларға сәттілік пен жеңістіке жетуіне ізгі тілектерін білдірді.

Спорттық шеберліктерін көрсету үшін «Спорт – денсаулық кепілі» атты жарыс бағдарламасы 4 кезеңнен тұрды: футбол, арқан тарту, гір көтеру және қолкүрес. Ойыншылар жеңіске жетуге ерекше құлшыныс танытты. Барлығы бір кісідей атсалысты. Сондай-ақ, бағдарлама қызықты өтті. Жүлделі орындарға және белсенді қатысқан үшін ойыншыларға кубок, медаль, мақтау қағазы және Қапшағай қаласының прокуроры, әділет аға кеңесшісі Е.Андабаевтың қолымен бекітілген Алғыс хаттармен марапатталды.

Бәсекелестік жалпы жақсы өтті, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай оңды іс-шараларды болашақта үнемі ұйымдастыру жоспарлануда.

Б.ЖЕТМЕКОВА,

Қапшағай қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры

Алматы облысы