Қазақстандық боксшының екі титул үшін айқасы нокаутпен аяқталды

Уақыты: 25.04.2024
Оқылды: 299

Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) кәсіпқойдағы оныншы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.

Бангкокта өткен бкос кешінде ол үндістандық Мамта Сингхпен (5-2, 2 КО) жұдырықтасты. Бесінші раундта Лукас қарсыласын соққы астына алған сәтте, төреші кездесуді тоқтатты.

Осылайша, қазақстандық бұрымды техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл айқаста WIBF және WBF сарапқа салынғанын Лукастың өзі мәлімдеген.

Фото: instagram.com/angelina_lukas1997