МАДРИДТЕГІ ТУРНИРДЕ ОЙНАҒАН ЕҢ ЖАС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

Уақыты: 24.04.2024
Оқылды: 242

16 жастағы Әмір Омарханов Испанияның Мадрид қаласында өткен мастерлер турнирінде ойнады. Сол турнирге қатысу арқылы әлемдік сынға түскен ең жас қазақстандық теннисші атанды. 


Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен қатысқан Әмір Омарханов іріктеу сайысында өзінен 20 жас үлкен, әлемнің 86-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен кездесті.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 13-орында тұрған қазақстандық жас теннисші бірінші партияда 2:1 есебімен алға шыққанымен, ары қарай сол қарқынын ұстай алмады. Әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы тәжірибесі мен шеберлігінің басым екенін көрсетті. Бірінші сетте 6:2 нәтижесімен жеңілсе, екінші кезеңде де 6:1 есебімен ұтылды. 

Әмір Омарханов азулы қарсыласына есе жібергенімен, мастерс жарысындағы алғашқы кездесуін өткізді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"