ЖУРНАЛИСТЕР НАЗАРЫНА! АЛМАТЫДА БИЛЬЯРДТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТЕДІ

Уақыты: 15.04.2022
Оқылды: 2910

Алматыда бильярдтан республикалық жарыс өтеді. Бұл туралы жарысты ұйымдастыру комитетінің төрағасы, бас төреші - ҚР жоғары ұлттық дәрежедегі төрешісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ хабарлады.

Дүбірлі жарыс Алматы облысының Құрметті азаматтары, қазақ тележурналистикасының ақтаңгері Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ мен қаржы саласының үздігі Бауыржан ИСАЕВТЫ еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Республикалық доданың ашылу салтанаты: 30 сәуір күні, сағат 9:30-да. Жарыс екі күнге созылады, 30 сәуір-1 мамыр аралығында өтеді.

Жарыс өтетін орын: Алматы қаласы, «БАСТАУ» бильярд клубы, (Шагабутдинов көшесі, 109 үй, Қарасай батыр көшесінің қиылысы).

Жарысқа Елордамыздан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардан 16 команда шақырылды. Жарысқа куә болып, кеңінен насихаттауға атсалысуларыңызды сұраймыз!

Байланыс телефоны: 8 701 736 14 07.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"