ЭЛЬЖАНА ТАНИЕВА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Уақыты: 13.03.2023
Оқылды: 861

Қазақстандық Эльжана Таниева Испанияда өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметінен мәлім етті.

Белгілі болғандай, қазақстандық гимнаст доппен жаттығула 32,900 ұпай жинап, үздік үштікке енген.

Ақтық сында Стиляна Николова чемпион атанса, Ева Брезалиева күміс жүлдеге ие болды. Эльжана Таниева үшінші болып жеңіс тұғырына көтерілді.

Айта кетейік, иыл ақпанда Эстонияда өткен Гран-при турнирінде Эльжана Таниева күміс жүлдегер атанған.

Фото: Instagram/aliya_yussupova15