ҰЛАН РЫСҚҰЛ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 16.03.2023
Оқылды: 1214

«Қазақстан барысы» турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл Жетісу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

"Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды", деді өңірдің спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

 Бұған дейін Ұлан Рысқұл  Алматы облысы Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарып келген.

Ол дзюдодан 2009 Азия чемпионатында аса ауыр салмақта қола жүлдегер атанса,  2011 жылы алғаш рет ұйымдастырылыған "Қазақстан барысы" турнирінде жеңімпаз атанған.

  Айта кетейік, Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасын бұған дейін Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үлкемпіровтің ұлы Алмат Үшкемпіров басқарған болатын. 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ