Оқи отырыңыз
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтегі орнын жаңартып, мансабында алғаш рет үздік бестікке енді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
Live-tennis.eu басылымының мәліметінше WTA рейтингінде Рыбакина 6-орыннан 5-орынға көтерілуі керек. Бұл Рыбакинаның спорттық мансабындағы үздік көрсеткіш болмақ.
Айта кетейік, отандасымыз чехиялық Маркета Вондроушовуды жеңіп, Римде өтіп жатқан Masters 1000 – Internazionali BNL d'Italia турнирінің ширек финалына жолдама алған.
Егер турнирде жеңіске жетсе, Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 4-орынға көтеріледі.
Фото: ашық дереккөзден