Елена Рыбакинаны марапаттау рәсіміндегі жағдай қызу талқыға түсті

Уақыты: 22.05.2023
Оқылды: 794

Римде өткен үлкен теннистен WTA-1000 турнирі аясындағы Елена Рыбакинаны марапаттау рәсімінде шу шықты.

Тосын жағдай марапаттау кезінде болған. Ұйымдастырушылар Елена Рыбакинаны шақырып алып, бірақ сыйлықты беруді ұмытып кеткен.

Соның салдарынан өзіне тиеселі сыйлықты Рыбакинаның өзіне сұраған.

Бұдан бөлек, шара жүргізуші украин спортшысына сөз бергенде оның тегін Рыбакина деп жеткізген.

Артынша аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бірі - бұл жағдайдың спортшыға ауыр тиетінін айтса, енді бірі - үлкен шараларда болатын қалыпты жағдай деп бағалауда. 

Айта кетейік, бұл турнирде Елена Рыбакина чемпион атанып, жалпы әлемдік рейтингте 4-орынға жайғасты.

Қазақстанның жұптық бәсекедегі үздік теннисшісі Анна Данилина 26-орыннан 24-орынға шықты. Жібек Құламбаева да тізімдегі орынын жақсартып, бірден 197 сатыға көтерілді. Юлтя Путинцева 916 балмен 61-орынға жайғасты.

Фото: ktf.kz