Хоккей: Біздің спортшылар 4 жыл қатарынан элиталы дивизионда бақ сынайды

Уақыты: 28.05.2023
Оқылды: 727

IIHF (Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы) Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында болып жатқан Әлем чемпионатындағы Қазақстанның ойынына қарап «Камбэкстан» деген атау берді. Әдетте ел құрамасы 1 шайба жіберіп, артынша есепті қуып, теңестіріп, кей сәтте жеңіске жетеді. Бұл жағдай 1 емес 3 мәрте қайталанды және үшеуінде де мерейіміз үстем болды.

Биылғы әлем чемпионатында ел құрамасының қақпашысы Андрей Шутов, қорғаушы Әділ Бекетаев, шабуылшы Евгений Рымарев, капитан Роман Старченконың ерекше жарқырап көрінуіне мүмкіндік берді. Элиталы дивизионда «В» тобында ойнаған ел құрамасы 6 ойында 7 ұпай жинап, 6-орынға тұрақтады. Олар Латвия (0:7), Канада (1:5), Чехия (1:5), Швейцариядан (0:5) жеңілді.

Бірақ сенсациялы түрде Норвегияны (4:3), Словакияны (4:3), Словенияны (4:3) жеңді. Жеңіске жеткен 3 ойында да жеңіліп жатып, жеңісті жұлып алды. Сөйтіп Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтыратын команда жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленіп, элита дивизонындағы өз орнын сақтап қалды, келесі жылы тағы бақ сынайды. Ал 2 топтан ұпай аз жинаған Венгриямен Словения Бірінші дивизонға төмендейді. Топтан шыға алмағанымен, көрерменнің көзайымына айналды. Ал жартылай финалда АҚШ Германиямен, Канада Латвиямен ойнайды. Чемпионат 28 мамырда аяқталады.

Хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатын Чехияның Прага және Острова қаласы қатар қабылдайды. Біздің спортшылар 4 жыл қатарынан элиталы дивизионда бақ сынайды. Бұған дейін отандастарымыз 1998, 2004, 2005, 2006, 2010, 2012, 2014, 2016, 2021 және 2022 жылдары жоғарғы топта болған. Үздік нәтижесі – 2021 жылғы Ригадағы доданың тобындағы 5-орын.

Серік Қантай