Рыбакина жаңа рекорд орнатты

Уақыты: 31.05.2023
Оқылды: 792

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Франциядағы жарыс кезінде жеке рекорд орнатты.

Рыбакина "Ролан Гаросс" стартында чех теннисшісі Бренда Фрувиртованы жеңді. Сол кездесуде ол жаңа рекорд енгізді. 

OptaAce хабарлағандай, Билли жан Кинг Кубогының ойындарын қосқанда, қазақстандық теннисші 2023 жылы топырақты корттарында он матчта жеңіске жетті. Бұл –  оның бір маусымдағы ең жақсы көрсеткіші.

Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының бірінші айналымындағы матчта 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Екінші айналымда ол чех теннисшісі Линда Носковамен кездеседі.

Ақпарат: Stan.kz-тен алынды

Фото: mgorod.kz