"Қарсыласы аяққа жармасты": Ресейлік басылым Жәнібектің кейінгі айқасы жайлы

Уақыты: 09.06.2023
Оқылды: 804

Спорт туралы жазатын "Чемпионат" басылымы орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерге (32-4-1, 26 КО) қарсы жекпе-жегін еске салып, шеберлігіне тамсанды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтының ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

13 мамыр Стоктонда өткен айқас 12 раундқа есептелген болатын, алайда екіншісінде Жәнібек қарсыласын нокаутқа түсірді. 

"Талдырғыштың қолынан бәрі келеді. Боксшыны балуан қылып та жібереді. Бірнеше соққы жасап еді - қарсыласы аяққа жармасты", - делінген басылым жариялаған видеоға жазбада.