«УИМБЛДОН 2023». ШИРЕК ФИНАЛДА СҮРІНДІ

Уақыты: 12.07.2023
Оқылды: 746

Еліміздің бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда тунистік Онс Жаберден (Әлемнің 6-ракеткасы) 1:2 есебімен жеңілді. Кездесу екі сағатқа созылды.  


Бірінші партияда теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте Рыбакина басымдық танытты – 7:6 (7:5). Одан кейінгі сеттерді Жабер өз пайдасына шешті – 6:4, 6:1.

Ойында Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ал Жабер 8 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.  Енді тунистік теннисші жартылай финалда әлемнің 2-ракеткасы беларусь Арина Соболенкомен ойнайды.

Былтырғы «Уимблдонның» чемпионы Рыбакина жарысты ширек финалдан аяқтады. Осыған дейінгі екеуара кездесудің (5 ойын) нәтижесі бойынша Жабер 3:2 көрсеткішімен басым тұр.

 Telegram желісіндегі парақшамызға тіркеле кетіңіз!