ШАУ ТАРТҚАН ШАБАНОВ ТА КЕТТІ

Уақыты: 14.07.2023
Оқылды: 955

«Жетісу» футбол клубында 2015 жылдан бері ойнап келе жатқан 36 жастағы қақпашы Андрей Шабанов командадан кетті. Шабанов талдықорғандық командаға «Атырау» клубынан ауысып келген.


Командамен ойыншы өзара шешімге келген. Биылғы премьер-лига ойындарында Шабанов тек бір ойынға шықты. Павлодарда «Ақсумен» болған ойында «Жетісу» 1:2 есебімен жеңілді, ал Шабанов сол матчта бастан-аяқ алаңда болды. Одан кейінгі кездесулердің барлығында Андрей Пасеченко қақпада тұрып жүр.

Шабанов биылғы ел біріншілігінде егде ойыншылардың бестігіне кіреді. Ең жасы үлкен ойыншы – «Қайсардың» 37 жастағы футболшысы Руслан Сақалбаев. Шабановтың ел біріншілігіндегі клубтардың бірінде ойнауы әлі белгісіз. 

 Telegram желісіндегі парақшамызға тіркеле кетіңіз!