"10 000 АҚШ доллары": Азия ойындарының жүлдегерлеріне қосымша сыйақы тағайындады

Уақыты: 13.09.2023
Оқылды: 823

Қазақстанның бокс федерациясы бокстан ерлер және әйелдер құрамасының 2023 жылғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы тағайындады. Сыйақылардың мөлшері федерацияның Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды  7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат дерегіне сүйеніп.

Яғни, Азия ойындарында алтын медаль үшін 50 мың АҚШ долларын, күміс жүлдеге - 30 мың АҚШ долларын, қола медальға 10 мың АҚШ долларын беру көзделіп отыр.

Осыған дейін Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қанша ақша төленетінін жариялаған болатын.

Министрлік Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы бермек. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтыру 5000 АҚШ долларын алады.

Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.

Айта кетейік, Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Өз тарихында 19-шы мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40-тан астам спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.

Фото: көрнекілікке алынды