Әлімханұлы өзімшіл экс чемпионды қай раундта сұлататынын айтты

Уақыты: 15.09.2023
Оқылды: 898

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) британиялық Крис Юбенкті (33-3, 24 КО) қай раундта сұлататынын айтты.

Бұл туарлы  7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

"Ол қашып жүр. Ол менен қорқады", - деп береді Жәнібектің сөзін ESNEWS. 

- Ертең рингте бетпе-бет келсеңіздер не болады?

- Мен оны дәл қазір нокаутқа түсіремін.  

- Нешінші раундта?

- Алғашқы раундта.