Қанат Ислам, Садриддин Ахмедов, Жанқош Тұраров бір күнде рингке шығады

Уақыты: 27.10.2023
Оқылды: 1852

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізбек.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Осылайша, ол 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнінде рингке оралуды жоспарлап отыр. Бұл кеште қазақстандық тағы бір боксшы Садриддин Ахмедов те (13-0, 11 КО) жекпе-жек өткізбек.

Айта кетейік, Қанат Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспаған. Сол кезде Плант-Ситиде аргентиналық Хавьер Франсиско Масиэланы (34-21, 23 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.

16 желтоқсанда жұдырықтасуды жоспарлап отырғандардың бірі – Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО). Ол жекпе-жекке Алматыда шықпақ. Сол күні басқа да қазақстандық боксшылардың рингке шығатыны хабарланды.

Фото: opennews.kz