Шынықсаң шымыр боласың

Уақыты: 28.11.2023
Оқылды: 626

Сарқан қаласындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің қасындағы орталық стадион сол маңда тұратын балалар мен жасөспірімдер үшін салауатты өмір салтын ұстанатын орынға айналып үлгерді. Тұрғындардың бой жазып, сергуіне  ықпал етіп,   бос уақыт өткізетін спорт нысанының заман талабына сай жаңартылғанына көп болған жоқ.

– Сарқан қаласындағы орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарын «Нұр Шапағат Құрылыс» ЖШС жүргізді. 2022 жылы 15 тамызда жасалған №226 келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарының құны 659 057 мың теңгені құрады. Нысан биыл қазан айында қолдануға берілді. Тапсырыс беруші Жетісу облыстық құрылыс басқармасы. Жоғары стандарттарға сай салынған футбол алаңы көрермендер мен жанкүйерлерге арналған жабық трибуналармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жүгіру жолағы мен снаряд лақтыратын алаң да қарастырылған, – дейді аудан әкімінің орынбасары Жомарт Мыңбаев.

«Шынықсаң  шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашанда пайдалы. Сол үшін  денсаулығымызға аса мән беріп, спортпен айналысу қажет. Дұрыс жаттығу – адамның иммунитетін күшейтіп, дерттерге қарсы тұруға септігін тигізеді. Есте сақтау қабілетін жақсартып, тыныш ұйқы сыйлайтын спорт белсенділікті арттырып, жүрек-қантамыр жүйесінің жақсаруына айрықша көмектеседі.

 

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Суреттерді түсірген Руслан ҚАДЫРОВ