ЖАНБОТАНЫҢ ЖҮЛДЕСІ

Уақыты: 10.12.2023
Оқылды: 588

Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Акробатика түрінен өнер көрсеткен Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова финалда 77.43 ұпай жинап,  қола жүлдені алды.

Бір қызығы, қазақ спортшысы тура бір жыл бұрын осында өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде де қола алған. Ол кезде Алдабергеноваға 80,04 ұпай жеткілікті болған. Жалпы Рука қаласы биыл FIS-тің фристайл маусымын қатарынан 14-рет бастап берді. Алтынды Бейжің Олимпиадасының (аралас командалық сын) қола жүлдегері Марион Тено (Канада) жеңіп алса, күміс Даниэль Скоттың еншісінде кетті. Аустралиялық осыған дейін әлем чемпионатында 2 мәрте күміске ие болған еді.

"Жетісу-Ақпарат"