СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

Уақыты: 08.02.2024
Оқылды: 453

Халықтың бұқаралық спортпен еркін айналысып, оны күнделікті дағдыға айналдыру үшін облысымызда барлық жағдай қарастырылған. Спорттық кешендерден бастап, аула алдындағы жаттығу құралдары соның айғағы. Бүгінде бұқралық спортты жанына серік еткендер қатары көп.


- Жетісуда жұртшылықтың жаппай спортпен айналысып, бұқаралық спортты қолдауы үшін басшылық тарапынан, мінбердегілерден үлкен қолдау бар. Әлі де спортпен айналысатындар санын көбейтіп, өңіріміздегі бұқаралық спорттың дамуын арттырғымыз келеді. Сол мақсатта бірқатар жоба жүзеге асып, бірнеше іс жоспарда тұр, - дейді облыстағы бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Рүстем Қалиев.

Жыл сайын түрлі шара өтіп, олар жұртшылық арасында кең қолдауға ие болып келеді. Әсіресе жүгіру, белтемірге тартылу сынды спорттың түрі танымал. Аула алдында, көшелерде спортпен айналысатын арнайы құралдар бар. Ал аудан орталықтарында спорт кешендері бой көтеріп, халыққа қолданысқа берілуде. Жалпы Жетісу облысында спортқа ерекше көңіл бөлініп келеді. Соған сай әуесқойлар арасында да, кәсіпқойлар ішінде де спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, халық құрметіне бөленіп жүр. Бұқаралық спортты дамыту бойынша мемлекет басшысы арнайы тапсырма беріп, әр Жолдауында айтып келеді. Ал оның аймақтарда орындалуы да жақсы қарқын алып, жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл іс Жетісу облысында да ерекше қолға алынған, арнайы көңіл бөлінген.