ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫНА ИЕ БОЛДЫ

Уақыты: 11.02.2024
Оқылды: 440

Су спорты түрлерінен Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында көркем жүзуден лицензия иегерлері анықталды.


Командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды.

Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

Осыған орай, дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері ретінде Олимпиадаға өтті.