«Жетісу» қайта өзбекстандық клубқа жол берді

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 349

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында Талдықорған «Жетісу»  өзбекстандық «Металлургтен» 1:2 есебімен жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Металлургке» қарсы матчта «Жетісу» үшін жалғыз голды Асхат Балтабеков соқты.

Бұл жиында өзбекстандық клубтарынан «Жетісудың» екінші жеңілісі, бұған дейін талдықорғандықтар «Нефтчиден» 1:3 есебімен ұтылған болатын.

Фото: sportplustv.kz