"Бәрін күйретуде". Әлімханұлына 15 нокауты бар жеңілмеген қарсылас табылды

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 450

Hit Hard News журналисті Дэн Фрост британиялық Хамза Шираз (19-0, 15 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұылмен (15-0, 10 КО) титулды айқас өткізетініне сенімді, деп жазады Vesti.kz.

11 ақпанда Шираз отандасы Лиам Уильямсты (25-5-1, 20 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBC Silver және Бокс кеңесінің достастық белбеуін қорғап қалды. Осыдан кейін Фрост британиялық нокаутшы Жәнібекпен кездесу өткізетінін болжады. 

"Хамза Шираз бәрін күйретіп келеді. Енді оның IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасатын күні алыс емес", - деп жазапты Фрост твиттер желісінде. 

Фото: Fight.ru