Қазақстандық теннисші Нидерландта әлемнің жетінші ракеткасын ұтып кетті

Уақыты: 16.02.2024
Оқылды: 388

Әлемнің 57-ракеткасы Александр Шевченко Роттердамда өтіп жатқан ATP 500 турниріндегі екінші кездесуінде Дания өкілі Холгер Рунеден басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу 6:4, 1:6, 6:3 есебімен аяқталды. 1 сағат 37 минутта Александр алты рет эйс жасап, үш брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.

Шевченко ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы, болгариялық теннисші Григор Димитровке қарсы ойнайды.

Фото: AFP