«Жетісу» тәжірибелі қақпашыны қатарына қосты

Уақыты: 21.02.2024
Оқылды: 356

«Жетісу» футбол клубы қақпашы Арсен Сиукаевпен келісімшарт жасасқанын жариялады, 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Sport Plus Qazaqtan сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Арсен – «Кубань» ФК түлегі. Сонымен қатар ресейліқ «Калуга», «Машук-КМВ», «Биолог-Новокубанск«, «Спартак Нальчик», армениялық «Арарат-Армения», және «Лори» клубтарында ойнады. Өткен маусымды ол павлодарлық «Ақсу» сапында өткізді.

Фото: «Жетісу» ФК баспасөз қызметі