Жәнібектің міндетті қарсыласы пайда болды

Уақыты: 22.02.2024
Оқылды: 404

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) жаңа міндетті қарсыласы анықталды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақ рейтингін жаңартты. Осының нәтижесінде британиялық Хамза Шираз (19-0, 15 КО) жаңа тізімде отандасы Крис Юбенкті (33-3, 24 KO) екінші орынға ысырды. Ал бұрынғы тізімде екінші болған Мейірім Нұрсұлтанров үшінші орынға ығысты. 

Осылайша, Шираз WBO желісі бойынша Жәнібектің титулына міндетті үміткер атанды. 

Фото: Top Rank