БЕЛГІЛІ БОКСШЫ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІН БАСҚАРАДЫ

Уақыты: 26.02.2024
Оқылды: 419

Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Отырыс барысында ҰОК басқарушысы болып Геннадий Головкин таңдалды.


Бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткен болатын. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды. Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Головкиннің кандидатурасын ұсынған болатын. 

-Қазақстанда Ұлттық олимпиада комитетін басқару туралы ұсыныс түскенде, қазақстандық спорттың дамуына өз үлесімді қосуыма мүмкіндік бересіздер деп талап қойдым. Өздеріңіз білесіздер, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Ойымды сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін, - деді Головкин.

Головкин ҰОК басшысы қызметінде Тимур Құлыбаевтың орнына келді. 

Фото: almaty.tv