Лицензиялық турнир. Бас бапкер мәлімдеме жасады

Уақыты: 28.02.2024
Оқылды: 522

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ерлер командасының Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындығы туралы пікір білдірді. 

Қазіргі таңда ұлттық құрама Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған 80-дей боксшы қатысуда. Бусто-Арсициоға аттанатын алты боксшыдан бөлек онда ұлттық команданың өзге өкілдері мен Қазақстанның әр облысынан боксшылар да бар. 

"Жігіттер жақсы дайындалды. Лицензиялық турнир алдында боксшылардың тактика-техникалық дайындығына көбірек мән бердік. Барлық жағдайды Қазақстан бокс федерациясы жасап отыр. Енді 29 ақпанда Италияға ұшамыз", - дейді Айтжанов. 

Дереккөз: Vesti.kz.
Фото: 
ҚБФ