Оқи отырыңыз
24 жастағы украиналық қақпашы Орест Костик Талдықорғанның «Жетісу» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Legioners.ua мәліметінше, Львовтың «Карпат» клубының 24 жастағы тәрбиеленушісі «Жетісумен» бір жылдық келісімшарт жасасқан.
Бұған дейін Костик Харьковтің «Металлист» клубында ойнап, 12 матчта 20 гол өткізіп алды.
2023 жылдың жазынан бастап қақпашы Литваның «Дайнава» қақпасын күзеткенімен, алаңға небәрі 8 рет қана шықты.
Былтыр Қазақстан чемпионатында «Жетісу» турнирлік кестеде 11-орын алып, 26 ойында 29 ұпай жинады.
Фото: Legioners.ua