Жетісу облысының палуандары бас жүлдені жеңіп алды

Уақыты: 19.03.2024
Оқылды: 390

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты күрес жанкүйерлері үшін ерекше өтті. 

Үш күнге созылған чемпионат қорытындысында командалық бас жүлдені Жетісу облысының палуандары жеңіп алды. Айта кетсек, 2023 жылғы нәтижемен салыстырғанда бұл айқын басымдық.

Жекелей сайыста 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Рүстем Мырзағалиев және 97 келіге дейінгі салмақта Әкежан Айтбеков Қазақстан чемпионы атанды. Дәулет Ерімбетов 65 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды. Дәл осы салмақ дәрежесінде белдескен тағы бір жерлесіміз Бедел Шаймұран чемпионат тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Сол сияқты,  Айбек Қалиахмет (74 кг), Арнат Айтбеков (86 кг) және Айбек Айтбеков та (92кг) биылғы чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды. 

Білікті бапкерлердің арқасында жетісулық спортшылардың бойына сенім ұялап, қиындықтарды бірге еңсерді. Еселі еңбек пен маңдай тердің арқасында Жетісу үшін бұл тарихи нәтиже. Жетісу облысы құрама командасының аға бапкері Қанат Ұзақұлы Шоңырақовқа және спортшыларымыздың жеке бапкерлеріне шын жүректен алғыс білдіреміз! Ендігі Азия чемпионатында біздің балуандар топ жарады деп сенеміз!

"Жетісу-Ақпарат"