РЫБАКИНА ӨЗ ОРНЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

Уақыты: 01.04.2024
Оқылды: 198

Майами додасының финалисі Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде өзінің 4-орнын сақтап қалды. Үздік үштікте өзгеріс жоқ: 1-Ига Швентек (Польша), 2-Арина Соболенко (Беларусь), 3-Коко Гауфф (АҚШ).


Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингісінде ТОП-50-ге жақындады.

Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шығуы нәтижесінде Ю.Путинцева 68-ден бірден 52-орынға көтерілді. Өз спорттық жолында 2017 жылы 27-сатыға дейін жеткен қазақстандық теннисшінің бұдан былай да өз көрсеткішін жақсартып, Париж олимпиадасында ел намысын сәтті қорғауына мүмкіндігі бар. Юлия Путинцева осы аптада Чарльстон (АҚШ) WTA 250 жарысында өнер көрсетеді.

Ерлер арасында ATP рейтингісінде Александр Бублик 18-сатыда қалса, Александр Шевченко 58-ден 56-ға жоғарылады. Михаил Кукушкин – 134, Денис Евсеев 182-сатыда (+2) тұр.

Фото: tengrisport.kz