АЛҒАШҚЫ РЕТ ОЛИМПИАДАҒА БАРМАЙДЫ

Уақыты: 08.04.2024
Оқылды: 342

Қазақстан ауыр атлеттері ел тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды. 


Соңғы үміт Сергей Петровичте болған. Алайда, лицензиялық жарыста бапкерлер оны C тобына қосып, үмітті біржола үзген. Ол өз салмағында әлемнің ең үздік он атлетінің қатарына қосыла алмады.

Мақала авторы бұл сәтсіздікке ауыр атлетикада қалыптасқан жүйені кінәлап отыр. Яғни, басшылық медаль алу үшін кез келген қадамға барады, тіпті допинг қолдануды да әдетке айналдырған. Мәселен, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова Лондон Олимпиадасында, Ниджад Рахимов Рио Олимпиадасында чемпион болып, артынша допинг пайдаланғаны анықталды. Олар ХОК-қа алтын медальдарын қайтарып бергенімен, мемлекеттен алған қаржылай сыйақыны өздерінде алып қалды.