ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІСІН АЛДЫ

Уақыты: 12.04.2024
Оқылды: 255

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, жаңа салмаққа ауысып бақ сынап жатқан Ризабек Айтмұхан екінші жыл қатарынан Азия чемпионатында финалда жеңіліп, күміс медаль алып отыр. Финалдық сында Бахрейн елінің атынан шыққан дағыстандық Ахмет Тажудиновтан 2:4 есебімен ұтылды. 


Шешуші белдесуге дейін Ризабек қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді. Жалпы есеп - 30:0. Бірінші кездесуінде Қырғызстан атынан шыққан Андрей Ароновты 6:0, ширек финалда Өзбекстаннан келген Максуд Вейсаловты 11:0, жартылаф финалда үнді Вики Чахарды 13:0 нәтижесімен ойсырата жеңген. Ал финалда Биыл 97 келіде ауысқан әлем чемпионы (Ризабек 92 келіде Белградта өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен) осы салмақ бойынша әлем чемпионы (2023), Азия чемпионы (2023) Азия ойындарының жеңімпазы (2022) Ахмед Тажудиовке есе жіберді.  

Ризабек пен Ахмед кілемде осымен екінші рет кездесіп отыр. Осыған дейін Түркияда өткен халықаралық турнирде жолығып, ол кездесуде де Тажудинов басым түскен болатын. 

Ризабек екінші жыл қатарынан Азия чемпионатынан күміс медаль алып отыр. Былтыр Астанада өткен сары құрлық бәсекесінде 92 келіде кілемге шығып, финалда жапон Араш Йошидадан жеңілген еді. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ" 

Фото: bassport.kz