ЕЛ КУБОГЫН ЕРТЕ АЯҚТАДЫ

Уақыты: 17.04.2024
Оқылды: 489

«Жетісу» футбол клубы Қазақстан кубогын 18 финалдан аяқтады. Сырт алаңда «Ақтөбемен» болған матчта 0:1 есебімен жеңілді. Ойындағы жалғыз голды беларус Дмитрий Бессмертный салды.


­­- Бұл ойында жеңілмеуге болар еді. Бірінші таймда «Ақтөбе» жақсы ойнады, екінші таймда бізге сәттілік жетіспеді. Алаң иелерін жеңіспен құттықтаймын! «Қобыландыда» ойнасақ, бәлкім, біздің легионерлер басқаша ойнар ма еді?! Шынымды айтсам, бүгін «Ақтөбеден» бұдан да жақсы ойын күттім. Команданың негізгі мақсаты да, жанкүйерлер талабы да белгілі. Сондықтанда «Ақтөбеге» әлі де ойын деңгейін қосу керек деп ойлаймын. Меніңше, қазір «Ақтөбенің» ойыны чемпиондық деуге келмейді. Мүмкін, қателесетін шығармын. Бірақ бұл менің субъективті пікірім, - деді ойыннан кейін «Жетісудың» бапкері Қайрат Нұрдәулетов.

Ширек финалға өткен «Ақтөбе» мамырда «Ордабасымен» ойнайды. Одан бөлек ¼ финалда «Тобыл» «Астанамен», «Атырау» «Қайратпен», «Елім-ай» «Қызылжармен» кездеседі.

«Жетісу» болса енді ішкі біріншілікте жақсы нәтиже көрсету үшін барын салады. Әзірге ел чемпионатында үш ойын өткізген «Жетісу» 1 ойында жеңіп («Атырау» - 1:0), 1 кездесуде тең түсіп («Қайрат» - 0:0), 1 матчта жеңілді («Астана» - 0:2). «Жетісу» 5-турды Талдықорғандағы Орталық алаңда 21 сәуір күні «Шахтерге» (Қарағанды) қарсы өткізеді.  

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"