"Үлкен жетістік": Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады

Уақыты: 22.04.2024
Оқылды: 361

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады.

«Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!» — деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

ото: Sports.kz