Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Польшамен кездеседі

Уақыты: 20.05.2024
Оқылды: 334

Бүгін, 20 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы жетінші ойынын Польшаға қарсы өткізеді.

Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіліп жатыр.

Қазақстан мен Польша кездесуі сағат 23.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 9-да қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.

Фото: icehockey.kz