Футбол: Талдықорғандағы ойын тең аяқталды

Уақыты: 20.05.2024
Оқылды: 334

«Жетісу» Olimpbet QFL Премьер-лиганың 9 туры аясында өз алаңында «Қызылжарды» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч қызықты сәттерге толы болды. «Жетісу» сапынан қос ойыншы алаңнан қуылды - Брага мен Мосиашвили.

Ойынның соңында «Қызылжардың» көшбасшысы Евгений Березкин пенальтиден мүлт кетті. 

Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.