Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар белгілі болды

Уақыты: 22.05.2024
Оқылды: 313

Бокстан Қазақстан құрамасы Таиланд астанасы Бангкокта өтетін 2024 жылғы Париж Олимпиадасына екінші әлемдік лицензиялық турнирге қатысады.

Ел құрамасында тек 63.5 келі салмақта әзірге жолдама жоқ. Лицензиялық турнирде аталған салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады.

Ал әйелдер құрамасында Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ел намысын қорғайды.

Фото: olympic.kz