Ардагерлер Астанаға аттанды

Уақыты: 31.07.2017
Оқылды: 1202

Астана төрінде өтіп жатқан «ЭКСПО–2017» көрмені тамашалауға жетісулық ардагерлер аттанды. Қазыналы қарияларға қала әкімі Бағдат Қарасаев ақ жол тілеп, жолға шығарып салды.

– Қариясын алтыннан да артық санайтын текті халық болғандықтан көрсетілер бар құрмет пен қошемет сіздерге арналады. Ел тарихында тұңғыш рет болып жатқан «ЭКСПО – 2017» бүкіләлемдік көрмені тамашалау үшін сіздерге үлкен мүмкіндік туып отыр. Бұл – ертеңгі тарих үшін қайталанбас күн. Елорда төрінде өтіп жатқан мерекелік шараны жоғары нәтижемен тамашалап қайтыңыздар. Сіздерге ақ жол тілейміз, – деді Бағдат Әбілмәжінұлы.
Облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт пен Мұрат Халық қала әкімдігінің және бірқатар демеушілік көрсеткен азаматтарға зор алғысын айтты. 
Қариялар Сарыарқа төрінде өтіп жатқан шараны тамашалауға бара жатқанына шексіз риза. Сапардан келісімен жас ұрпақпен еліміздің жеткен жетістіктері мен бағындырған биігі жайлы кездесу ұйымдастырмақ. 
Астанаға сапар шеккен жиырма бес ардагермен бірге бір жетекші маман, бір медицина қызметкері және видео-оператор жолға шықты.         

 

Еңлік КЕНЕБАЕВА