"Барлық жағдай жасалған": Көп балалы ана жұмысы жайлы айтты

Уақыты: 26.05.2023
Оқылды: 1157

Талдықорған қаласында “Асыл аналар” атты тігін цехы бар. Аты айтып тұрғандай, мұнда көпбалалы, жалғызбасты аналар жұмыс істейді.

Үкіметтен көмек ретінде есігін ашқан мекеме бастапқыда қор болып құрылған екен. Кейінірек ауқымын кеңейтіп, тігін цехы ретінде жұмысын жалғастырды.

Қазіргі таңда 20-ға жуық ана жұмыспен қамтылған. Мұнда жоғарыда айтқанымыздай, көмек көрсетіледі, әрі жұмыс іздеп келген аналарға мол мүмкіндік беріледі. Ал, тігу қолдарынан келмесе өздері оқытып, кейін жұмысқа орналастырады.

Солардың бірі – алтын құрсақты ана, өмірге 7 бала әкелген  Дария Асылбекова.

–2 жылдан бері осы цехта жұмыс істеп келемін.  Мен секілді аналарға барлық жағдай жасалған. Әлеуметтік көмектен бөлек тегін тамақ та береді. Құрал-жабдықтың бәрі жаңа, – дейді көпбалалы ана.

Нұрила Кариманова,
ЖУ-дың 3-курс студенті
Сурет автордікі